Ер адам құны 2,6 млн теңге тұратын пәтерді небәрі 730 теңгеге сатып алды
© Фото: freepik
Қытайда жаппай жеңілдіктер науқаны кезінде ер адам ауданы 68 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтерді небәрі 11 юаньға (шамамен 730 теңге) сатып алды. Ерекше мәміле Дүниежүзілік шопинг күніне арналған акция аясында жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
South China Morning Post басылымының жазуынша, сауда аукцион өткізуге арналған платформада өткен. Хэйлунцзян провинциясындағы пәтерді сатып алуға 1677 адам таласқан. Ең жоғары баға ретінде белгіленген 11 юаньды бірінші болып ұсынған Қытайдың шығысында тұратын азамат жеңімпаз атанды. Оның аты-жөні жарияланған жоқ.
Бұл пәтердің нарықтағы құны шамамен 40 мың юаньға (2,6 млн теңгеге жуық) бағаланады.
Аукцион жеңімпазы тікелей эфир кезінде елдің солтүстігіне көшуді жоспарламайтынын, пәтерді қыста демалуға келгенде пайдаланғысы келетінін айтты.
"Пәтер үшін төлеген символикалық сомадан бөлек, сатып алушы меншік құқығын рәсімдеу үшін шамамен 2 мың юань салық төлеуге тиіс", – делінген хабарламада.
Ерекше сауда туралы жаңалық әлеуметтік желілерде тез тарап, қызу талқыға түсті. Көпшілік жеңімпаздың сәттілігіне қызыға қарағанымен, заңгерлер мұндай ұсыныстарға сақтықпен қарауға шақырады.
"Тым арзан баспананың артында түрлі мәселе болуы мүмкін. Олардың қатарында меншік құқығына қатысты түсініксіз жайттар, төленбеген салықтар, коммуналдық төлемдер бойынша қомақты қарыздар бар. Ал дау туындаған жағдайда сот шығындары да көп болуы ықтимал", – деп ескертті Бейжіңдегі "Цзиньсу" заң фирмасының адвокаты Ван Юйчэнь.
Сарапшылар мұндай аукциондардың жұрт назарын ара-тұра өзіне аударатынын атап өтті. Мәселен, 2024 жылғы қарашада Қытай тұрғыны теңіз жағасындағы пәтерді дәл осылай небәрі 11 юаньға сатып алған.
Ал АҚШ-тың Алабама штатында ерлі-зайыпты салынғанына 90 жылға жуықтаған үйін жөндеу кезінде 1930 жылдардағы хаттар, ашықхаттар мен естелік бұйымдарды тауып алған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:31, 13 қараша 2026
Қайталанған заңбұзушылық: Алматыда мейрамхана үш айға жабылды
-
09:24, 13 қараша 2026
Қазақстанда радиоактивті қалдықтарды физикалық қорғау қағидалары бекітілді
-
09:15, 13 қараша 2026
«Қазгидромет» Алматы мен Астана тұрғындарына ескерту жасады
-
09:06, 13 қараша 2026
10 облыста қар аралас жаңбыр жауады: 13 қарашаға арналған жол болжамы жарияланды
-
08:57, 13 қараша 2026
Есірткі өндіріп, 580 млн теңгенің мүлкін сатып алған: Қазақстанда қылмыстық топ мүшелері сотталды





