«ҚазАвтоЖол» жүргізушілер үшін маңызды ақпаратпен бөлісті

14:49, 28 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Халықаралық және Республикалық маңызы бар автожолдарды басқару жөніндегі ұлттық оператор "ҚазАвтоЖол"ҰҚ" АҚ бүгін, 28 қазанда жүргізушілер үшін маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы ескерту жасады.

"2024 жылғы 28 қазанда Ақмола, Ақтөбе, Абай, Павлодар, СҚО, Қарағанды, Қостанай, ШҚО және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады. Ал Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін",- делінген ақпаратта.

Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеру сұралды.

"1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады",- деп толықтырды компания.

Бұған дейін Қазақстанда алдағы күндері ауа райының қандай болатыны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!