«Қазақтелеком» АҚ Басқарма құрамына екі жаңа бас директор сайланды
© Сурет: "Қазақтелеком" АҚ Қоғаммен байланыс қызметі
"Қазақтелеком" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Болат Ерекешев пен Алмат Қараманов Басқарма құрамына сайланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Болат Ерекешев бас техникалық директор – "Желі" дивизионының бас директоры қызметіне тағайындалса, Алмат Қараманов - корпоративті сегменттің бас директоры - "Қазақтелеком" АҚ филиалы Корпоративті бизнес Дивизионының бас директоры лауазымына бекітілді.
Болат Ерекешев Ленинград электротехникалық байланыс институтын бітірген. Әр жылдары ол "Қазақтелеком" АҚ-ның вице-президенті-бас техникалық директоры, Қостанай облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры қызметтерін атқарды. 2005 жылдан бастап "Қазақтелеком" АҚ басқарушы директоры - "Алыспен байланыс" бірлестігінің ("Қазақтелеком" АҚ филиалы) бас директоры лауазымында болды.
Ол телекоммуникация саласында техникалық бағытта мол тәжірибе мен терең білімге, жобалық сараптаманың кең дағдыларына, сондай-ақ технологиялық дамудың стратегиялық көзқарасына ие.
Алмат Қараманов Т.Рысқұлов атындағы Қазақстан экономикалық университетін (MBA) бітірді. 2014 ж. Ян Каменский атындағы университеттің (Чехия) "Жалпы және стратегиялық менеджменті" бойынша Халықаралық МВА бағдарламасын аяқтады - және РФЦА академиясында білім алды (Ресей).
2009 жылдан бастап әртүрлі бизнес-құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, ол "Еуразиялық банк" АҚ аймақтық желісін дамытуға жауапты болды, "Азат Групп" ЖШС су ресурстарын геологиялық барлау бағытына жетекшілік етті, "Estate Managment Company" АҚ техникалық департаментінің басқарушы директоры, "Телеком-Комплект" дирекциясы ("Қазақтелеком" АҚ филиалы) Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, кейін директоры қызметін атқарды. 2019 жылдан бастап "Қазақтелеком" АҚ филиалы - Сервистік фабриканың бас директоры қызметін атқарды.
Алмат Қараманов өзгерістерді басқару мәселесінде жоғары біліктілікке ие, сонымен қатар бизнес-процестерді талдау, басқару, сондай-ақ серіктестіктер мен іскерлік байланыстарды орнатуда тәжірибелі маман. Ол сондай-ақ ауқымды ойлау мен болжау қабілетімен, прагматизмімен және нәтижеге деген жоғары жауапкершілігімен ерекшеленеді.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Қазақтелеком" АҚ Басқармасы тоғыз тұлғадан тұрады, олар: Қуанышбек Есекеев, Марат Әбділдабеков, Батыр Маханбетажиев, Асхат Узбеков, Болат Ерекешев, Нұрлан Мейірманов, Тимур Худайбердиев, Алмат Қараманов және Игорь Погребицкий.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 3 сәуір 2026
Сарапшы доллар бағамы 440 теңгеге дейін түсуі мүмкін екенін болжады
-
22:33, 3 сәуір 2026
Астаналық оқушылардың ас мәзіріне бешбармақ енгізілді
-
22:20, 3 сәуір 2026
Мемлекеттік тілдің күрескері Өмірзақ Айтбаевтың туғанына 90 жыл
-
21:40, 3 сәуір 2026
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінді
-
21:39, 3 сәуір 2026
Мыңдаған баланың жеке мәліметтері желіде тараған: Ақмола облысының мектептері жазаланды





