Қазақстанның үш облысында еріген қар суының салдарынан жол жабылды

09:40, 29 наурыз 2025

© Сурет: Zakon.kz

2025 жылғы 29 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы:

  • "Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз" автожолының 3-92-шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

  • Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7-шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 110 арнайы техника мен 187 маман жұмылдырылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!