Қазақстанның төрт қаласында ауа ластанады

10:33, 12 мамыр 2024

© Сурет: freepik

Синоптиктер бүгін, 12 мамырда Қазақстанның төрт қаласындағы ауада зиянды қоспалардың жоғары болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz .

"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, түнде Қарағанды, Балқаш, Теміртау және Атырау тұрғындары мен қонақтарын қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіп тұр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.

Мұндай ауа райы кезінде:

  • көшеде, әсіресе, тасжолдардың бойында жүруді азайту керек;
  • балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендемегені жөн;созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиямен ауыратын адамдар өздерімен бірге дәрі-дәрмегін алып жүруге тиіс;
  • таза ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз;дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу керек.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!