Анна Данилина Мароккодағы жарыстың жартылай финалында ойнайды

17:00, 23 мамыр 2024

© Сурет: ktf.kz

Бүгін, 23 мамырда қазақстандық теннисші Анна Данилина Рабат (Марокко) WTA 250 турнирінің жартылай финалындағы матчын өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина – қытайлық Сюй Ифань ширек финалда ұлыбританиялық Хэрриет Дарт – тағы бір қытайлық Сю Ванмен тартысты кездесу өткізді.

Бірінші партияда ұлыбританиялық-қытайлық жұп бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екіншісінде қазақстандық-қытайлық дуэт есе қайырды – 6:3. Содан кейін супер тай-брейкте жеңіс Данилина мен Ифаньның қанжығасында кетті – 10:7.

Анна Данилина – Сюй Ифань финалға шығу үшін жапониялықтар Эри Ходзуми – Макото Ниномиямен таласады. Матч бүгін, 23 мамырда Қазақстан уақытымен 18:15-те басталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!