Қазақстанның Сыртқы барлау қызметінің директоры тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Ғабит Байжанов 1963 жылы туылған.
Еңбек жолы:
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Барлау" қызметі директорының орынбасары (2006 ж.);
"Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (2009-2015 ж.ж.);
"Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры (2015-2018 ж.ж.).
2018 жылы 19 қыркүйекте ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Исатай Бақтиярұлы Сартаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылғаны туралы белгілі болды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Исатай Бақтиярұлы Сартаев Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Исатай Сартаев 1960 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Еңбек жолы:
· "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары (2009-02.2015);
· "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (02.2015-09.2018);
· Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының уақытша міндетін атқарушы (с 19.09.2018)
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:50, 7 мамыр 2024
Қазақстанның ең жас автошабандозы жол апатынан қаза тапты
-
17:37, 7 мамыр 2024
7 мамыр - Астанада бокстан медальдар «жауған» күн!
-
16:52, 7 мамыр 2024
«Нөсер жаңбыр, бұршақ, найзағай». Еліміз бойынша 8 мамырға арналған ауа райы болжамы
-
16:42, 7 мамыр 2024
Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 шақырымнан асатын бөгет салынды
-
16:33, 7 мамыр 2024
Бауыржан Момышұлы ерлігі – көпке үлгі