Қазақстанның шығысында жер сілкінді

12:07, 24 сәуір 2024

© Сурет: Zakon.kz

2024 жылғы 24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында жер сілкінісі болды. Сейсмологтардың айтуынша, зілзала 2 баллды құрады, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, Эпицентр Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 760 км жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер асты дүмпулерінің уақыты – Астана бойынша 11:19.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.9.
  • MPV магнитудасы 4.4.
  • Тереңдігі 5 км.
  • Сезілген аймақ: Зайсан ауданы, Тасбастау ауылы 2 балл.

Еске салайық, 2024 жылдың 4 наурызында, сағат 11:22-де Алматыда қатты жер сілкінісі болып, қала бойынша сиреналар естілген болатын. Қазақстандық сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісінің күші 5 баллды құрады.

2024 жылы Алматыда болған қатты жер сілкінісі туралы барлық жаңалықтарды сілтеме бойынша оқи аласыздар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!