Қазақстанның оңтүстігінде оқу-жаттығу жиындарынан кейін 22 жасөспірім ауруханаға жеткізілді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 21 қаңтар күні кешке Меркі аудандық көпсалалы ауруханасына жасы 12 мен 17 аралығындағы 22 кәмелетке толмаған спортшы жеткізілді. Балалар Қызылорда облысынан "Тұран" демалыс аймағының базасында өтетін күрес түрлері бойынша оқу-жаттығу жиындарына қатысу үшін келген.
Алдын ала диагноз – шығу тегі анықталмаған гастроэнтерит.
"Қазіргі уақытта мамандар ауруға шалдыққандардан зертханалық талдауға сынамалар, сондай-ақ тағам үлгілерін алып, аурудың көзін анықтау жұмыстарын жүргізуде. Зерттеу нәтижелері күтілуде", – деп мәлімдеді Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Меркі аудандық полиция бөлімі оқиғаны тіркеп, тексеру жұмыстарын бастады.
Ауруханаға жеткізілгендердің барлығы тұрақты медициналық бақылауда. Олардың жағдайы жеңіл, жалпы хал-жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.
"Демалыс аймағында болған қалған 81 бала мен 13 жаттықтырушы медициналық тексеруден өтті. Ауру белгілері анықталған жоқ, алдын алу шаралары жалғасуда", – деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін Қаскелең қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №47 орта мектепте 9-сынып оқушысы қайтыс болған еді. Аталған дерек бойынша уәкілетті органдар тексеру және тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:32, 11 наурыз 2026
Алматыда бір түнде 27 см-ге дейін қар жауды, көшелерді тазалау жұмыстары жалғасып жатыр
-
10:24, 11 наурыз 2026
Ғалымдар ауадан тәулік бойы энергия алатын құрылғы жасады
-
10:15, 11 наурыз 2026
Рыбакина қарсыласы Марта Костюк жайлы пікір білдірді
-
10:04, 11 наурыз 2026
Үлестік құрылыс саласындағы қызметтер электронды форматқа көшіріледі
-
09:56, 11 наурыз 2026
Алматыдағы Burger King төңірегіндегі жанжал: тексеріс өрескел заңбұзушылықтарды анықтады





