Рыбакина қарсыласы Марта Костюк жайлы пікір білдірді

10:15, 11 наурыз 2026

© Сурет: Instagram/LenaRybakina

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан WTA 1000 Индиан-Уэллс турнирі жарысының үшінші айналымында украиналық теннисші Марта Костюкке қарсы өткен матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, әлемнің үшінші ракеткасы саналатын қазақстандық теннисші "Мастерс" турнирінің 1/16 финалындағы ойын қиынға соққанын жасырмаған.

"Марта – өте мықты қарсылас. Ол шынымен жақсы ойын көрсетті. Кездесу барысында бір сәтте есепте артта қалып қойсам да, екі сетте жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Осындай кешкі уақытта бізді қолдауға келген жанкүйерлердің барлығына рақмет. Бұл турнирге қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Менде бұл жарысқа байланысты өте жақсы естеліктер бар", – деді қазақстандық теннисші матчтан кейін корттағы сұхбатында.

Айта кетейік, жарыстың төртінші айналымында Рыбакина Ұлыбритания өкілі Сонай Карталмен кездеседі.

Бұған дейін Костюк өзінің неліктен жеңіліп қалғанын түсіндіріп берген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!