Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы +36°C-қа дейін ысиды

11:43, 4 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz

Zakon.kz хабарлауынша, Қазгидромет синоптиктері 2026 жылғы 5–7 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Мамандардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Осы күндері найзағайлы жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі және желдің күшеюі күтіледі.

Атап айтқанда, 5 мамырда солтүстік өңірлерде, ал 6–7 мамырда батыс аймақтарда нөсер жаңбыр жаууы ықтимал.

Сондай-ақ, батыс өңірлерде түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.

Температуралық фонға келсек, алдағы күндері аздаған ауытқулар байқалады. Оңтүстікте ауа температурасы күндіз +22…+32°C-тен +27…+36°C-қа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік-шығыста +15…+30°C-тен +20…+35°C-қа дейін жылы болады.

Айта кетейік, 4 мамырға арналған толық ауа райы болжамы бөлек жарияланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!