Сәтбаевта тұрғындардың қырағылығы қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектесті

13:18, 3 мамыр 2026

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сәтбаев қаласында Тәуелсіздік көшесі бойында куәгерлерден 112 нөміріне бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйден бетон плитаның құлау қаупі бар екені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел түрде жетті. Тексеру барысында мамандар тұрғындар мен жаяу жүргіншілер үшін қауіптің бар екенін растады.

Жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, қауіпті жою бойынша жедел жұмыстар ұйымдастырылды.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде қауіпті элемент демонтаждалып, ықтимал оқиғаның алдын алуға мүмкіндік берілді",- деп атап өтті құтқарушылар.

Бұған дейін Алматылық құтқарушылар 2 мамыр күні тауда жарақат алған жасөспірімге көмекке келгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!