Бұрын екі рет сотталған қазақстандық ескі әдетіне басып, тағы да сот алдына келді
© Фото: unsplash
Жамбыл облысында криптовалютаға инвестиция салуды ұсынып, алаяқтық жасаған ер адамға үкім шықты. Бұған дейін екі рет сотталған ер адамның сөзіне сенген жәбірленуші банктерден несие алып, 2,1 млн теңгеден астам ақшасынан айырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Істі Мойынқұм аудандық соты қарады. Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылғы шілдеде Түркістан облысының тұрғыны TikTok желісінде жалған парақша жүргізген. Ол сол парақшада криптовалютаға инвестиция салуды жарнамалап, жоғары табыс уәде еткен.
Әйелдің сеніміне кіру үшін ол бастапқыда оған табыс ретінде аздаған ақша төлеген.
"Әйел банктерден несие алып, ақша аударуды жалғастырған. Сотталушы түскен ақшаны өз қалауынша жұмсаған", – деп хабарлады сот 2026 жылғы 26 қарашада.
Сотталушының кінәсі тараптардың айғақтарымен, банк шоттарынан алынған үзінді көшірмелермен, ақша аударымдары туралы құжаттармен және істің өзге де материалдарымен дәлелденді.
Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты және өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады. Жәбірленуші азаматтық талап қоюын қолдап, келтірілген залалды толық өтесе, сотталушыны кешіруге дайын екенін жеткізді.
Сот кінәсін мойындап, өкінгенін жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Сот рақымшылық жасау туралы заңды ескеріп, бұрынғы үкімдер бойынша тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы оған түпкілікті төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сондай-ақ сот сотталған адамнан жәбірленушінің пайдасына 2,1 млн теңгеден астам қаражат өндіру туралы шешім шығарды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Ал АҚШ-та 43 жастағы әйел арсыз алаяқтығы үшін 20 айға бас бостандығынан айырылды. Ол деменцияға шалдыққан егде жастағы әйелдің сеніміне кіріп, ақшасын ұрлау үшін өз баласы қайтыс болды деп өтірік айтқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:03, 27 қараша 2026
10 жасар ұлын жалаңаш күйде лифтпен түсуге мәжбүрлеген әке түрмеге қамалды
-
08:56, 27 қараша 2026
Бразилия БАӘ-мен иық тіреспек – елде әлемдегі ең биік тұрғын үй мұнарасының іргетасы қаланды
-
08:41, 27 қараша 2026
Қазақстанның 16 өңірінде қар жауады – 27 қарашаға арналған жол болжамы жарияланды
-
08:06, 27 қараша 2026
Жұмыс орнындағы қайғылы оқиға 42 жастағы қазақстандықтың өмірін қиды: Оқиға туралы не белгілі
-
23:40, 26 қараша 2026
Тоқаев пен Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті





