Қазақстанның кей жерінде 41 градусқа дейін күн ысиды

10:55, 28 шілде 2021

© Сурет: inform.kz

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылғы 29-31 шілдеге ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай күтіледі.

30-31 шілдеде шығыста, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

Республиканың барлық аумағында ауа температурасының көтерілуі болжануда: күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41, солтүстік пен шығыста 23-33, орталықта 25-37 жылыға дейін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!