Қазақстанның ірі қалаларында күн ысиды: синоптиктер жаңа болжам жариялады
© Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 30–31 мамыр және 1 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
30 мамыр: Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыс бағытынан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +30…+32°C.
31 мамыр: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 5–10 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.
1 маусым: Құбылмалы бұлтты. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік бағытқа ауысады, 9–14 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.
Алматы
30 мамыр: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс желі 3–8 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +29…+31°C.
31 мамыр: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +31…+33°C.
1 маусым: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттарынан 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Түнде +20…+22°C, күндіз ауа температурасы +33…+35°C-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады.
Шымкент
30 мамыр: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 8–13 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +32…+34°C.
31 мамыр: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +36…+38°C.
1 маусым: Құбылмалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, 8–13 м/с. Түнде +22…+24°C, күндіз +34…+36°C.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін екенін ескерткен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:40, 29 мамыр 2026
Алматының ботаникалық бағында сирек өсімдіктің қоры жасалады
-
21:01, 29 мамыр 2026
30 мамырда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:30, 29 мамыр 2026
Алматыда аптап ыстықтан кейін найзағай ойнап, жаңбыр жауады
-
20:04, 29 мамыр 2026
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыруға арналған Жол картасына қол қойылды
-
19:45, 29 мамыр 2026
Астанада конкурдан Challenge Cup финалы басталды





