«Қазақстанның ерекшелігін жақсы түсінеді». – Тоқаев Путин туралы
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қараша айында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапарында жасалған келіссөздердің нәтижесіне баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ресей Президентімен өткізген келіссөздер аса мазмұнды болды. Біз сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика, мәдениет, білім беру және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты талқыладық. Астанаға Ресей Үкіметі мүшелерінің жартысына жуығының келуі Ресей үшін Қазақстанның стратегиялық маңызы жоғары екенін көрсетеді. Келіссөздердің нәтижесі туралы көп жазылды, көп айтылды. Әрине, біраз дүние ақпарат құралдарына шыққан жоқ. Владимир Путинмен бейресми жағдайда төрт сағат әңгімелестік. Бұл кездесуде екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ әңгіме барысында халықаралық проблемалар бойынша өзара түсіністігіміз бекемделе түсті. Мен Қазақстанның көп жақты саясатының мәнін ашық айтып, Ресеймен стратегиялық серіктестігімізді және одақтастық қарым-қатынасты дамыту туралы ұстанымға берік екенімізді жеткіздім". Қасым-Жомарт Тоқаев
Тоқаевтың пікірінше, Путин – тәжірибелі мемлекет қайраткері. Ол Қазақстанның ерекшелігін және Орталық Азия аймағындағы ең ірі экономикасы бар маңызды ел екенін жақсы түсінеді.
"Сондықтан Ресей біздің елмен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарын нығайту үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Басқаша болуы да мүмкін емес. Себебі екі ел арасын құрлықтағы ең ұзын үздіксіз шекара қосып жатыр. Владимир Путиннің шетелге сапарының ең көбі біздің елге жасалғаны, яғни оның Қазақстанға 33 рет келгені де көп жайттан хабар береді. Бұдан бөлек, біз телефон арқылы сөйлесеміз, халықаралық форумдар аясында кездесеміз. Бір сөзбен айтқанда, үнемі хабарласып отырамыз", - деді ол Ana tili газетіне берген сұхбатында.
Мемлекет басшысы мұның бәрі Қазақстанға да, Ресейге де қажет екенін атап өтті.
"Өйткені бұл екі ел басты рөл атқаратын Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін керек", - деді Президент.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:35, 5 қаңтар 2025
2025 жылы Алматыдағы ботаникалық бақтың жұмысына қандай өзгеріс енгізілді
-
13:27, 5 қаңтар 2025
«Шрек» мультфильміндегі есектің прототипі өліп қалды
-
13:14, 5 қаңтар 2025
«Мені ұрлап кетті»: жалған ақпарат берген жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды
-
13:09, 5 қаңтар 2025
ШҚО-да 5 млн теңгенің малын қолды қылған күдікті ұсталды
-
12:56, 5 қаңтар 2025
Қытайдағы метапневмовирус індеті – Денсаулық сақтау министрлігі жағдайға қатысты түсініктеме берді