Қазақстанның екі өңірінде есірткі арнасы әшкереленді

09:40, 24 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі еліміздің екі өңірінде жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында ірі көлемдегі есірткі партияларын тәркіледі.

Ведомство мәліметінше, сәуір айының екінші онкүндігінде "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында екі дерек тіркелген. Соның бірі Абай облысы аумағында болған. Жедел ақпаратты тексеру кезінде полицейлер 21 жастағы жүргізушіні ұстаған. Көлікті тінту барысында таратуға дайын 2 келіден астам гашиш майы табылып, тәркіленді. Күдікті есірткіні интернет-дүкен кураторының тапсырмасымен таратқанын мойындаған.

Тағы бір жағдай елорда өңірінде анықталды. Мұнда интернет-платформалар арқылы жұмыс істеген 26 жастағы әйел ұсталды. Тергеу дерегіне сәйкес, ол аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткіні жасырын таратып келген. Жеке тінту және жалға алынған пәтерді тексеру кезінде салмағы 1 келіден асатын екі пакет "A-PVP" есірткісі, электронды таразылар және 100-ден астам ziplock-пакет тәркіленді.

Жалпы алғанда, заңсыз айналымнан 45 мыңнан астам бір реттік дозаға тең есірткі алынған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Құқық қорғау органдары есірткіні жеткізу арналары мен тарату маршруттарын, сондай-ақ заңсыз қаржы ағындарын анықтап жатыр.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ІІМ өкілдері есірткі тарату арналарының жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!