Қазақстанның десанттық-шабуылдау әскерлері кәсіби мерекені атап өтуде
© Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
2000 жылғы 6 шілдеде ел Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Ұтқыр күштер құрылып, кейіннен Аэроұтқыр әскерлері болып қайта аталды. 2017 жылы қазіргі заманғы құрылыммен Десанттық-шабуылдау әскерлері болып қайта ұйымдастырылды, деп хабарлайды Mail.KZ.

Құрылған кезден бастап осы әскер тегіне генерал-майор Уәли Еламанов, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев, генерал-майор Әділбек Алдабергенов, генерал-майор Дәулет Оспанов, генерал-майор Алмаз Джумакеев, генерал-майор Қайдар Қарақұлов, генерал-майор Қаныш Әбубәкіров басшылық етті. Бүгінде десанттық-шабуылдау әскерлерін генерал-майор Мереке Күшікбаев басқарады.

Қазіргі десанттық-шабуылдау әскерлері – бұл ұтқырлығы жоғары және соңғы үлгідегі техникамен жарақталған, жауынгерлік ретте де, негізгі күштерден алыста да, оның ішінде қарсылас тылында да міндеттерді орындауға қабілетті әскер тегі.
Олардың жауынгерлік әлеуетін десанттық-шабуылдау, артиллериялық, шабуылдау, барлау, бітімгершілік құрамалары, бөлімдері мен бөлімшелері құрайды.


Десантшы-жауынгерлер әрқашан жоғары даярлық деңгейін, кәсіби шеберлігін, қиын да күрделі міндеттерді орындауға қабілетті екенін көрсетуде.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет етудің қай кезеңде болса да абырой-беделі асқақ. Бөлімдер мен бөлімшелерді жасақтау қатаң іріктеу арқылы жүргізіледі, ал мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің спорттық разряды бар және психологиялық тұрғыдан өте төзімді болып келеді.
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:23, 19 желтоқсан 2025
Мысыр жағалауынан перғауындардың «жүзбелі сарайы» табылды
-
13:18, 19 желтоқсан 2025
Украинаның Жоғарғы Радасы монета атауын өзгертуге келісті
-
13:09, 19 желтоқсан 2025
Альпі тауының етегінде салынатын зәулім ғимарат жобасы таныстырылды
-
12:57, 19 желтоқсан 2025
Пандемия басталуы мүмкін: вирусологтар жаңа кезеңге дайындалуда
-
12:44, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір күнде екі тұрғын суицид жасады





