Қазақстанның бірнеше өңіріндегі оқушылар қашықтықтан оқытуға ауыстырылды

09:42, 22 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

22 қаңтарда ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста оқушылар қашықтықтан оқытуға ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолайсыз ауа-райына байланысты Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтағы бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына жіберілді. Яғни, 3123 бала үйден оқытылады. Тиісінше, мектепке жеткізу тоқтатылады.

Бірінші ауысымдағы сабақтар Павлодар мектептерінде де тоқтатылды. Мектепке дейінгі, сондай-ақ 1-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға жіберілді.

Осындай шектеулер павлодарлық 1-2 курс студенттеріне де қатысты (9 сынып негізінде).

Сабақтар Абай облысның I ауысым оқушылары үшін де тоқталды.

  • Бесқарағай ауданының 21 мектебінің 1-9 сынып;
  • Бородулиха ауданының 8 мектебінің 1-4 сынып, 4 мектебінің 1-9 сынып, 2 мектебінің 1-11 сынып;
  • Жарма ауданының 5 мектебінің 1-4 сынып, 2 мектебінің 1-9 сынып;
  • Жаңасемей ауданының 1 мектебінің 1-11 сынып, 1 мектебінің 1-4 сынып;
  • Аягөз ауданының барлық мектебінің 1-11 сынып;

Семей қаласының барлық мектебінің 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!