Қазақстанға спутниктік интернет қызметін көрсететін екі оператор келеді: пилоттық сынақ мерзімі белгілі болды

10:38, 6 қаңтар 2026

© Фото: freepik

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2025 жылғы 6 қаңтарда өткен Үкімет отырысында шалғай елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда спутниктік интернет қызметін көрсететін үш оператор жұмыс істеп жатыр.

"Жақын арада тағы екі шетелдік компания нарыққа шығады. Оларға қатысты пилоттық сынақтарды биыл өткізу жоспарланып отыр", – деді Жаслан Мәдиев.

Сондай-ақ министрдің мәлімдеуінше, биыл кейбір пойыздар мен ұшақтарда да спутниктік интернет пайда болады.

"Байланыс мүлде жоқ аумақтарда туристік және қолжетімділігі қиын жерлерді спутниктік интернетпен қамтамасыз ету міндеті жергілікті бюджет қаражаты есебінен әкімдіктерге жүктеледі", – деп қосты ол.

Бұған дейін Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілетіндігін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!