Қазақстанға Албания президенті Байрам Бегай келді

12:00, 7 қыркүйек 2023

© Сурет: akorda.kz

"Ақорда" резиденциясында Албания президенті Байрам Бегайды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Албанияның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Байрам Бегай бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Албания Президенті Байрам Бегай, Ақорда, Албания

Сурет: akorda.kz

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйекте Албания президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келетіні мәлім болған еді.

Албания Президенті Байрам Бегай, Ақорда, Албания

Сурет: akorda.kz


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!