Қазақстандықтарға демалыс маусымында қандай елдерге барған тиімді

16:57, 16 мамыр 2025

© Сурет: Zakon.kz

Демалыс кезеңі жақындап келеді. Қазақстандықтар әдетте көптен күткен демалысты шетелде өткізуді ұнатып жатады. Осыған орай, Zakon.kz тілшісі ел тұрғындары үшін сапарға қандай елдер қолайлы екенін зерттеп көрді. Толығырақ ақпаратта.

Қазақстандықтар үшін мамырдан қыркүйекке дейін қандай бағыттар тиімді екенін білу үшін редакция туризм саласының мамандарына жүгінді.

Алматыдағы ірі туркомпаниялардың бірінің халықаралық туризм жөніндегі менеджері Санды Тұңғатованың айтуынша, қазақстандықтар үшін 39 елге визасыз кіру қолжетімді. Олардың қатарында:

  • Грузия – 360 күнге дейін
  • Армения, Сент-Винсент және Гренадиндер – 180 күнге дейін
  • Түркия, Ресей, Украина, Моңғолия, Албания, Молдова, Колумбия, Гаити – 90 күнге дейін
  • Таиланд – 60 күнге дейін
  • Аргентина, Бразилия, Қытай, Малайзия, Мальдивтер, Филиппиндер, Катар, БАӘ, Сербия, Эквадор, Вьетнам, Куба, Доминикан Республикасы, Намибия, Сейшел аралдары – 30 күнге дейін
  • Гонконг, Иран, Оман, Макао – 14 күнге дейін.

Айта кетейік, Черногорияда визасыз режим тек жаз айларында қолжетімді.


"Жазда Черногорияға рейстер ұйымдастырылады. Ол жақта маусым қызықты өтеді, климаты да жағымды, тағамдары да тіл үйірерлік. Дегенмен, баға жағы қымбатырақ",- деді Санда Тұңғатова.

Бұл ретте, демалысты жоспарлау кезінде көптеген визасыз елдерге бару үшін алдын ала түрлі сауалнамалар/нысандар толтырып, елге кіру үшін QR-кодтар алу қажет екенін ескерген жөн.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!