Қазақстандықтарға білім саласындағы алаяқтық туралы ескертілді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылдың 11 шілдесінде Астана қаласының Білім басқармасы оқушылар мен олардың ата-аналарына алаяқтық туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Соңғы уақытта кейбір жекеменшік білім беру ұйымдары (орталықтар, мектептер, колледждер азаматтар жеңіл жарнама көмегімен заңсыз әрекеттерге баруда", – делінген ақпаратта.
Осыған байланысты ведомства бірқатар ескертулерге назар аударуыңызды сұрайды.
Білім беру ұйымын таңдауда:
- мекеменің ресми тіркелуін және лицензиясының болуын тексеріңіз;
- ата-аналардың пікірлері мен ұйымның беделіне мән беріңіз;
- келісімшартқа қол қоймас бұрын құжаттарды мұқият оқып шығыңыз. Күмән туындаса – бас тартуға тырысыңыз.
Алаяқтық әрекеттердің негізгі белгілері:
- қызметтер туралы нақты ақпараттың, құжаттардың болмауы;
- алдын ала заңсыз төлем талап ету, чектің берілмеуі;
- лицензия немесе құзіретті органдардан рұқсат құжаттарының болмауы, Ұлттық білім беру деректер қорында тіркелмеуі;
- келісімшарттың болмауы немесе мазмұнының түсініксіздігі.
Мұндай жағдайлар орын алған жағдайда келесі мекемелерге жүгініңіз:
- Прокуратура органдарына;
- Полицияға;
- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне;
- Оқу-ағарту министрлігіне немесе жергілікті Білім басқармасына.
2025 жылдың 9 шілдесінде қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі – қайталама алаяқтық туралы ескертілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 12 сәуір 2026
Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
17:37, 12 сәуір 2026
Қайғылы оқиғаға ұласқан көлік ұрлығы: Өскеменде жол апатынан екі адам қаза тапты
-
16:59, 12 сәуір 2026
13 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:31, 12 сәуір 2026
Алматы облысында 3 келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған
-
15:54, 12 сәуір 2026
Атырау – Құлсары арасында Shacman жүк көлігі жолдан шығып кетті





