Қазақстандық «жалған террористің» әлеуметтік портреті ашылды

13:16, 20 қыркүйек 2021

© Сурет: inbusiness.kz

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламаны адамдар еріккеннен, әзіл ретінде немесе мас күйде жасайды деді брифингте ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев. Көрінеу жалған хабарлама үшін 14,5 млн теңге айыппұл төлету қолданылады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Жүргізілген талдауға сүйенсек, мұндай қоңырауларды адамдар еріккеннен, әзіл ретінде немесе мас күйде жасайды. Себептері де әр түрлі, олар – кек алу, бұзақылық, мекеменің жұмысына кедергі келтіру, мектептегі сабақты болдырмау, құқық қорғау органдарының жұмысын тексеру. Кәмелетке толмағандар мұндай қылмысқа не үшін барады? Олар достарының арасында өзін батыр екенін көрсеткісі келеді, кейбірде үй тапсырмасын орындамағандықтан сабаққа қатыспау үшін осылай істейді, - деді Разуев.

Оның айтуынша, жалған хабарламалар бергені үшін сотталғандардың 48-ден 55 пайызға дейіні қылмыс жасаған сәтте қатты мас болған.

"Жалған террористтің" әлеуметтік портретіне келетін болсам, барлық қылмыстың 88 пайызын жұмыссыздар жасаған, тек 9 пайызын жұмыс істейтін азаматтар жасаған, ал 3 пайызы – мектеп, гимназия, лицей оқушылары. "Әзілқойлардың" орташа жасы – 30 бен 49 жас арасы, олар жыл сайын осы санаттағы қылмыстың 55 пайызын жасаған. Бірақ, олардын арасында 18 бен 29 жас аралығында жастар да кездеседі, олар 27 пайызды құрайды, - деді Разуев.

Оның айтуынша, соңғы он жылда осы санаттағы қылмыс едәуір азайды. Атап айтқанда, 2011 жылы 123 факті тіркелген болса, былтыр 50 факті тіркелген. Биыл 8 ай ішінде 52 қылмыстық іс тіркелді, оның 28-і сотқа жолданды. Қазіргі уақытта 16 адамға қатысты үкім шығарылды.

Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеу (бұл 14,5 млн теңге) немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қолданылады. Осы қылмысты жасағаны үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапқа тартылады, сондықтан мұны мектеп оқушылары білуі тиіс. Сонымен қатар осындай хабарламаның кесірінен келтірілген барлық шығындар өтелуі тиіс. Мұндай әрекетті кәмелетке толмаған бала жасаған болса, шығынды ата-анасы өтейді, - деді ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары.

Мадина Мамырханова, Нур-Султан


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!