Қазақстандық вакцинаның қандай технология бойынша әзірленгені айтылды

10:40, 27 қаңтар 2021

QazCovid-in қазақстандық вакцинасын жасау технологиясы уақытпен тексерілген, оның барлық компоненттері сенімді, өйткені олар басқа вакциналарды жасау кезінде әбден сыналған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрліктің айтуынша, инактивацияланған вакцина платформасы баяғыдан белгілі және қауіпсіз. Азаматтардың көпшілігі барлық компоненттерді басқа вакциналардың құрамында болғанжықтан, оны ертеректе де алған. Оның ішінде жалғыз жаңа компонент бар, ол - инактивті вирус. Инактивті вакцина дәстүрлі болып саналады, ол тиімдірек, оны дайындау технологиясы онша күрделі емес және вакциналардың басқа түрлеріне қарағанда қауіпсіз. Сонымен қатар, ол ауырғаннан кейін адамда қалыптасатындай күшті иммунитет туыдрады және бұл иммунитет өте сенімді және толыққанды. Инактивацияланған вакцинаны дайындау үшін қолданылатын компоненттер, негізгі вакцинадан басқа, бірнеше онжылдықтар бойы сыналып келеді. Олар мүлдем зиянсыз. Сондықтан біз QazCovid-in-ді жасау үшін вакцинаның инактивті түрін таңдадық, - деді ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғалым-вирусологы, профессор Леспек Күтімбетов.

Білім және ғылым министрлігі клиникалық сынақтардан тыс келісім бойынша QazCovid-in вакцинасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Каринге, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа және С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Талғат Нұрғожинге өз еркімен салынғанын атап өтті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!