Қазақстандық тауар өндірушілер жаңаша тексеріледі

16:38, 7 тамыз 2026
MKZ: 1560193

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстанның тауар өндірушілері тізілімін жүргізу қағидаларына түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат жобасында мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректерді пайдалана отырып, цифрлық тексеру жүргізу кезінде кәсіпорынның қазақстандық тауар өндірушіге жататынын айқындаудың жаңа тәртібі қарастырылған.

Сондай-ақ:

  • кәсіпорынды тізілімге енгізуден бас тарту негіздерін белгілеу;
  • қазақстандық тауар өндірушіге қатысты басқа отандық өндірушілерден шағым түскен жағдайда көшпелі тексеру жүргізу ұсынылады.

Министрліктің пікірінше, өндірістік қызметті растау үдерісін автоматтандыру кәсіпорындарды бағалаудың объективтілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 21 тамызға дейін жария талқылауға ұсынылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!