Қазақстандық әуе компаниясы Қытай арқылы Сингапурға рейс ашады
© Фото: Zakon.kz/Ксения Калашникова
2026 жылғы 20 қазаннан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Шымкенттен Сингапурға жаңа рейс ашады. Ұшақтар Қытайдың Санья қаласы арқылы аптасына екі рет қатынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа бағыттың ерекшелігі – әуе компаниясы рейсті "әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі" құқығы негізінде орындайды.
"Бұл жолаушыларға Қазақстаннан Сингапурға ұшып қана қоймай, Санья – Сингапур бағыты бойынша да сапарлауға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.
Осылайша, әуе компаниясы жолаушыларды Қазақстан мен Сингапур арасында ғана емес, Қытай мен Сингапур арасында да тасымалдай алады.
Бұған дейін Қытайға ұшуды немесе осы елден қайтуды жоспарлаған қазақстандықтарға әуежайға алдын ала келуге кеңес берілген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:07, 8 қыркүйек 2026
Азиада-2026: ауыр атлетикадан ел намысын кімдер қорғайды
-
17:02, 8 қыркүйек 2026
Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады
-
16:56, 8 қыркүйек 2026
Енді жасанды интеллект мектеп оқулықтарына енетін болады
-
16:52, 8 қыркүйек 2026
Археологтар Мысырдан «арғы дүниемен байланысы бар» көне қабір тапты
-
16:49, 8 қыркүйек 2026
Талдықорғанда ер адамнан 6,5 келі гашиш тәркіленді





