Қазақстандағы жекеменшік мектеп оқушыларын тегін тамақтандыру: 2025 жылы жағдай қалай өзгереді

14:44, 24 қаңтар 2025

© Фото: пресс-служба акимата Алматы

Жекеменшік мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету 2025 жылдан басталады. Бұл туралы бүгін, 24 қаңтарда Оқу ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство 2024 жылғы 30 желтоқсанда Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойғанын еске салды.

"Негізгі жаңалықтардың бірі жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақтандыру. Жаңа бастама 25 мыңнан астам баланы қамтиды. Оны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 12 млрд-тан астам теңге бөлінді",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Заң мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын оқушылар үшін әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуді көздейді.

"Жалпыға бiрдей білім беру" қорынан мектеп керек-жарақтары мен кеңсе тауарларын сатып алуға көмек тек мемлекеттiк мектеп оқушыларына ғана көрсетiлген болатын. Енді ол жекеменшік мектеп оқушыларына да қатысты болады.

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев атап өткендей, жаңа заң аясында жергілікті атқарушы органдарға меншік нысанына қарамастан, әлеуметтік осал отбасылардың барлық балаларына әлеуметтік көмек көрсету құзыреті беріледі.

"Бұл барлық балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам",- деді ол.

Сондай-ақ, министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың қыркүйегінен бастап бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік санаттағы 5-11 сынып оқушылары үшін мемлекеттік мектептерде тегін ыстық тамақ ұйымдастырылғандығын еске салды.

"Биылғы оқу жылында мемлекеттік мектептерде оқитын 1,7 млн-нан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді. "Жалпыға бірдей білім беру" қоры аясында 510 мың оқушыны құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қосымша 22,5 млрд теңге бөлінді",- деп қорытындылады ведомство.

Бұған дейін Талдықорғанның бұрынғы әкімі Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!