Қазақстандағы мүгедектерге мемлекеттік көмек: не маңызды және нені білу керек
© Фото: freepik
Қазақстанда Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 2025 жылы мүгедектер 59,6 мың қызмет алды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 59,6 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде:
- шамамен 37 мың оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ),
- 4,3 мың – ымдау тілі,
- 17,6 мың – жеке көмекші
- 0,7 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.
Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Бүгінде Порталда 854 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 910 ОТҚ жеткізушісі, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 751 ымдау тілі және 129 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:45, 14 маусым 2026
Қытайдағы әлем кубогы кезеңі: қазақстандық боксшылар турнирді кімдерге қарсы бастайды
-
17:01, 14 маусым 2026
Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді
-
16:45, 14 маусым 2026
15 маусымда қай өңірлерде аптап ыстық болады
-
16:15, 14 маусым 2026
Дүйсенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
15:39, 14 маусым 2026
AMANAT мүшелері «Әділет» партиясына қалай өтеді





