Қазақстанда 2026 жылы «Tax Free» пилоттық жобасын ұзарту жоспарлануда
© Фото: pexels
Қаржы министрлігінің төрағасы бұйрығы жобасы әзірленіп, онда шетелдік азаматтарға ЕАЭО кеден аумағынан тауар шығарған кезде ҚҚС сомасын өтеу бойынша пилоттық жобаның ("Tax Free") ережелері мен мерзімдері көрсетілгені туралы Zakon.kz хабарлайды.
Ережелерге енгізілетін өзгерістердің мақсаты:
- пилоттық жобаны 2026 жылға ұзарту;
- жобада қазіргі операторға балама ретінде қазақстандық компанияны қосу;
- пилоттық жобаны жүзеге асыру географиясын кеңейту;
- бір кассалық чекте соманы 10 АЕК дейін төмендету;
- пилоттық жобаны цифрландыру механизмін сынау.
Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, аталған шаралар Қазақстанда туризмді дамытуға және шетелдік туристерді тартуға, олардың ҚҚС сомасын өтеу арқылы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Құжат "Ашық НҚА" сайтында 2025 жылғы 22 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға қойылған.
Естеріңізге сала кетейік, пилоттық "Tax Free" жобасы Қазақстанда 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске қосылған болатын.
Пилоттық жоба туристерге ЕАЭО кеден аумағынан шығарылған азық-түлік емес және акцизге жатпайтын тауарлар бойынша ҚҚС сомасын өтеу тәртібін анықтайды. Жеке сатып алу сомасы кемінде 20 АЕК (2025 жылы 78 640 теңге) болуы тиіс.
Жоба Астанада, Алматыда, Шымкентте және Түркістанда орналасқан стационарлық сауда нысандарында жүзеге асырылуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:46, 18 шілде 2026
Диана Ержанова триатлоннан Еуропа кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды
-
17:15, 18 шілде 2026
Астанада полицейлер жоғалған 6 жасар баланы жедел тауып, ата-анасымен қауыштырды
-
16:55, 18 шілде 2026
Алдағы үш күннің ауа райы: қай өңірде аптап, қайда жаңбыр жауады
-
16:01, 18 шілде 2026
Алматының орталығында +40 градус аптапта электр жарығы өшіп қалды
-
15:40, 18 шілде 2026
Алматыда алты күнде 81 мас жүргізуші ұсталды





