Қазақстанда жұмыссыздық бойынша төлем тағайындау тәртібі өзгереді
© Фото: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу", "Жұмыссыздарды тіркеу" және "Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік қызметтерін көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кешенді тәсілін енгізу ұсынылды. Бұл қазақстандықтарға уақытша төлем алып қана қоймай, тұрақты табысын тезірек қалпына келтіруге, жаңа мамандық меңгеруге және еңбек қызметіне сенімді түрде оралуға мүмкіндік береді.
Жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі мен мерзімдерін 2026 жылғы 1 қазаннан бастап өзгерту жоспарланып отыр.
Атап айтқанда, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем мерзімін алты айдан үш айға дейін қысқарту ұсынылды.
Қазіргі уақытта төлем мөлшері кейінгі 24 айда әлеуметтік аударымдар төленген орташа айлық табыстың 45%-ын құрайды.
1 қазаннан бастап жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшерін жеті ең төменгі жалақының 45%-ы деңгейінде шектеу жоспарланып отыр.
Құжат 25 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:30, 11 қыркүйек 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы
-
11:26, 11 қыркүйек 2026
Алатау қаласында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру қағидалары бекітілді
-
11:03, 11 қыркүйек 2026
Түркияда 62 жастағы ресейлік турист қонақүй қызметкерлеріне тиіскені үшін түрмеге қамалды
-
10:55, 11 қыркүйек 2026
15 альпинист қар көшкінінің астында қалды
-
10:49, 11 қыркүйек 2026
Алматыда такси 20 тонналық арнайы техникаға соғылды





