Қазақстанда жүк тасымалдау көлемі қысқарды
© Сурет: gov.kz
Бір жылда жүк тасымалдау, көлік түріне қарамастан 2,8%-ға төмендеді. Осы кезеңде барлығы 3,8 млрд тонна жүк тасымалданды, деп хабарлады 26 қаңтарда Ұлттық статистика бюросы Zakon.kz тілшісіне.
Жүк тасымалының негізгі үлесі автомобиль жүк көлігіне тиесілі – 82,5%, мұнда 3,2 млрд тонна жүк тасымалданған.
Өткен жылы жүк айналымы 603 млрд т-км құрады. Оның ішінде темір жол жүк айналымы 311 926 млн т-км (2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 4,3%-ға өсті), автомобиль көлігі – 146 227 млн т-км (7,6%-ға азайды).
Елімізде жүк тасымалдау көлемі қысқарды. Сонымен қатар, кәсіпорындардың жүк және багажды тасымалдаудан түскен кірісі бір жылда 12,5%-ға өсіп, 3 264 млрд теңгені құрады.
2022 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстанда халықаралық тасымал жүргізушілерінің еңбек және демалыс нормалары өзгеретіні белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:56, 2 сәуір 2026
Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты кезінде екі жасөспірім қоршаудан асып кеткен
-
21:31, 2 сәуір 2026
Азия бадминтон федерациясы Қазақстан құрамасының екі өкілін марапаттады
-
20:50, 2 сәуір 2026
3 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:13, 2 сәуір 2026
Алматыда бір тәулікте 2 мыңнан астам заң бұзушылық тоқтатылды
-
19:45, 2 сәуір 2026
Астанада полицейлер жүк көлігінен азық-түлік ұрлауға әрекеттенген екі тұрғынды ұстады





