Қазақстанда зейнетақы жүйесін жетілдірудің жаңа тәсілдері қарастырылып жатыр
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі арнайы жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның 2026 жылғы 8 шілдедегі мәліметінше, жиынға мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының және бейінді ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жұмыс тобының қарауына зейнетақы жүйесінің сингапурлық моделінің жобасы ұсынылды.
"Аталған модель міндетті зейнетақы капиталын қалыптастыруды көздейді және азаматтарға зейнет жасына дейін жинақтың бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, білім алуға, медициналық шығындарды өтеуге және инвестициялауға пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл ретте аударылатын қаражат үш шотқа бөлінеді, олардың біреуі жеңілдетілген тетік арқылы тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған." Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Сонымен қатар талқылау барысында бірқатар сарапшылар ұсынылған модельдің әлеуметтік осал топтардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың мүдделерін қаншалықты толық ескеретініне қатысты пікірлерін білдірді. Отырысқа қатысушылар аталған модельдің осы санаттағы азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыру деңгейіне ықпалын жан-жақты қосымша зерделеу қажеттігін атап өтті.
Қазіргі уақытта жұмыс тобының қарауында зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты өзге де тәсілдер бар.
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры азаматтың орташа айлық табысының медианалық жалақыға қатынасына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына қарай есептелетін әлеуметтік зейнетақы төлемін енгізу тетігін ұсынды. Бұл тәсіл зейнетақы жүйесіндегі ынтымақты құрамдасты күшейтуге бағытталған." Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс берушінің аударымдарының 4%-ын азаматтың жеке зейнетақы шотына, ал 1%-ын ынтымақты (сақтандыру) құрамдасқа бағыттауды көздейтін модельді таныстырды.
Мұндай тәсіл жинақтаушы қағидатты сақтандыру тетіктерімен және өмір бойғы төлемдер жүйесімен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынылған барлық бастамалардың қазіргі уақытта сараптамалық талқылау сатысында екенін атап өтеді. Түпкілікті шешімдер әрбір ұсыныстың әлеуметтік әділеттілікке, қаржылық тұрақтылыққа және азаматтардың түрлі санаттарына ықпалы жан-жақты сараланғаннан кейін қабылданатын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:31, 8 шілде 2026
8 шілдедегі Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары
-
11:23, 8 шілде 2026
Астанада түлектерді жұмыспен қамтуға арналған форум өтті
-
11:15, 8 шілде 2026
Аргентина әлем чемпионатынан ұшып кете жаздады: Месси команданы ширек финалға алып шықты
-
11:07, 8 шілде 2026
Швейцария құрамасы Колумбияны пенальти сериясында жеңіп, ширек финалға шықты
-
10:57, 8 шілде 2026
Алаяқтардың айласы тоқтар емес: қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды





