Қазақстанда танымал беларусь блогері Mellstroy-ға іздеу жариялады
© Сурет: qamqor.gov.kz
ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Mellstroy деген атпен танымал блогер Андрей Буримді іздестіруде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іздестіру туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.
"Бурим Андрей Александрович. Екі күннен бері іздеуде. Туған күні: 15.12.1998, жынысы: ер адам, ТМД азаматы, Беларусь. Іздестіру ісі 15.11.2025 жылы Астана аймағында тіркелді", – делінген құжатта.

Сурет: qamqor.gov.kz
Блогер Mellstroy-ді Ресейде қорқынышты эфирлердің символы ретінде таниды. Андрей Бурим желіде жанжалды тікелей эфирлер өткізгені және бойжеткендерге қол көтергені үшін бірнеше мәрте қылмыстық іске іліккен. Бүгінде ол көпшілікке құмар ойындарының жарнамасымен сондай-ақ, өзінің конкурстарымен танымал.
Бұған дейін елде тарап жатқан жаңа алаяқтық түріне байланысты полицияның қазақстандықтарды сақ болуға шақырғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 7 желтоқсан 2025
Құтқарушылар алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасады
-
17:35, 7 желтоқсан 2025
Ақмола облысындағы жолда полицей қаза болды
-
17:09, 7 желтоқсан 2025
8 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:46, 7 желтоқсан 2025
IBA аясындағы әлем чемпионаты: бүгін ел намысын үш боксшы қорғайды
-
16:32, 7 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген туралы кітап басылып шықты





