Қазақстанда соңғы қоңырау кейінге шегерілді
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанда 2025 жылдың 25 мамырында соңғы қоңырау соғылмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2 мамырда Білім министрлігі хабарлады.
"Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23-ші немесе 24-ші мамырда өткізіледі", – делінген ақпаратта.
Басқарма өткен жылдағыдай мектептің соңғы күні – 23 мамырда еліміздің барлық мектептерінде "Білімім – Отаныма" ұранымен Бірыңғай сынып сағаты өтетінін атап өтті.
Сондай-ақ, барлық оқушылар үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтінін тағы да еске саламыз, – деп атап өтті ведомства өкілдері.
Дәстүр бойынша 34 аптаға созылған оқу жылы аяқталуға жақын. Оның қорытындысын республика бойынша 3,9 миллионнан астам мектеп оқушылары шығарады. 217 мыңнан астам он бірінші сынып оқушылары үшін бұл бітіру мектеппен символикалық қоштасу болмақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:38, 2 маусым 2026
«Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:56, 2 маусым 2026
Маңғыстау облысында үй ауласынан оқушы бала өлі күйінде табылды
-
20:10, 2 маусым 2026
Кипр президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
-
19:48, 2 маусым 2026
Петропавлда жыл басынан бері қорлық көрген 38 әйел полицияның сенім телефонына жүгінген
-
19:35, 2 маусым 2026
«Алматыда қатты жел тұрады». Төтеншеліктер қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті





