Алматыда 10 ойын-сауық мекемесінің жұмысы тоқтатылды
© Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында ойын-сауық мекемелеріне бақылау күшейтілді.
Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов мегаполис тұрғындарымен есептік кездесу барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, құқық бұзушылықтар тіркелетін және қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін демалыс орындарына ерекше назар аударылып жатыр.
"Әрбір ойын-сауық мекемесі заң аясында жұмыс істеуі тиіс. Егер онда құқық бұзушылықтар жүйелі түрде тіркелсе, қызметін тоқтатуға дейін қатаң шаралар қабылданады", — деді Айдын Кабдулдинов.
Жыл басынан бері полицияның бастамасымен бұрын құқық бұзушылықтар мен қылмыстар тіркелген 10 нысанның қызметі тоқтатылды. Қабылданған шаралар құқық бұзушылықтардың жолын кесіп қана қоймай, ондаған ықтимал оқиғаның алдын алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар 845 кәсіпкерлік субъектісі бойынша уәкілетті органдарға тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынымдар жолданды. Қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында заманауи технологияларды енгізуге де ерекше көңіл бөлінуде. Осы орайда қала аумағында тұлғаны тану функциясы бар бейнебақылау жүйелерін орнату бастамасы көтерілді.
"Қауіпсіздік – бір реттік шара емес, бұл – жүйелі жұмыс. Біз заң баршаға міндетті болатын, ал тәртіп қалыпты жағдайға айналатын ортаны кезең-кезеңімен қалыптастырып келеміз, — деп түйіндеді Айдын Кабдулдинов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:35, 8 сәуір 2026
Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын қайта қарау мәселесі қарастырылмайды
-
16:22, 8 сәуір 2026
Астанада науқастарға арналған 675 млн теңге заңсыз жұмсалған
-
16:13, 8 сәуір 2026
Қазақстанда қанша қаңғыбас және чиптелген ит бар
-
16:09, 8 сәуір 2026
Данияр Мейрхан ІІМ-дегі қызметінен шеттетілді
-
15:57, 8 сәуір 2026
8 сәуірдегі саудада доллар бағамы күрт өсті





