Қазақстанда паспорт алу оңайлай түседі
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 6 қаңтарда Үкіметтегі брифинг барысында Жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі бірінші вице-министр Ростислав Коняшкин жеке құжаттарды қайта рәсімдеуге арналған жаңа онлайн-қызмет іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол бұған дейін жеке куәлікті онлайн режимде қайта рәсімдеу қызметі іске қосылғанын еске салды.
"Биыл бұл қызметті басқа да санаттарға кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Яғни, құжатты жоғалту жағдайда қалпына келтіру немесе жаңадан рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылады. Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, биыл бұл қызметті паспорттарға да қолдануды жоспарлап отырмыз", – деді Коняшкин.
Сондай-ақ ол бұл жаңашылдықтың не себепті бірден енгізілмегенін түсіндірді.
"Біз неге кезең-кезеңімен енгізіп отырмыз? Себебі азаматтар үшін бұл процестің ыңғайлы, қауіпсіз және тиімді екеніне көз жеткізуіміз қажет. Сондықтан алдымен пилоттық жоба іске қосылды, оның аясында қызметтің бір түрі енгізілді. Биыл ауқымын кеңейтіп, жыл соңына дейін онлайн форматты құжаттардың басқа да түрлеріне толықтай енгіземіз деп үміттенеміз", – деп толықтырды бірінші вице-министр.
Бұған дейін Қарағанды облысында синтетикалық есірткі өндірісі тоқтатылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:50, 7 қаңтар 2026
«Қайрат» сапынан негізгі құрамдағы екі ойыншы кетті
-
17:33, 7 қаңтар 2026
8 қаңтарда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
16:58, 7 қаңтар 2026
Талдықорғанда түтінге толған үйден жеті бала құтқарылды
-
15:58, 7 қаңтар 2026
8 қаңтарда Қазақстанның қай өңірлерінде жауын-шашын түсіп, боран соғады
-
15:30, 7 қаңтар 2026
ШҚО-да полицейлер жүргізушілерді қар құрсауынан құтқарды





