Қазақстанда мұнай битумын экспорттауға рұқсат берілмек
© Фото: qaj.kz
Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, мұнай битумын Қазақстан аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетуге қойылған тыйымнан алып тастау ұсынылып отыр. Оның ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасындағы коды – 2713 20 000 0.
Энергетика министрлігінің түсіндіруінше, жол битумына сұраныс маусымға қарай өзгеріп отырады. Сондай-ақ отандық кәсіпорындарда пайдаланылмай тұрған өндірістік қуат бар және мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету қажет. Осы жағдайларды ескере отырып әзірленген бұйрық жобасы қабылданса, маусымаралық кезеңде жол битумының артық көлемін ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерлерге экспорттауға мүмкіндік беріледі.
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 4 қарашаға дейін жалғасады.
Бұған дейін 2026 жылғы 21 мамырдан 21 қарашаға дейін Қазақстан аумағынан, соның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, оның ішінде мұнай битумын автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:52, 20 қазан 2026
Жұп болып жүріп, велосипед ұрлаған: Қарағандыда екі күдікті ұсталды
-
10:47, 20 қазан 2026
Threads арқылы концерт билеттерін сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
-
10:32, 20 қазан 2026
Қызды болғанын атап өткен қазақстандық түрмеге тоғытылды
-
10:26, 20 қазан 2026
Қазақстан семсерлесуден әлемдік рейтингте алғаш рет көш бастады
-
10:14, 20 қазан 2026
Шарында сирек кездесетін кәмшат фототұзаққа түсіп қалды – видео





