Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 9,8 мыңға жетті

09:42, 19 наурыз 2018

Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz – 2017 жылы Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың саны 9,8 мыңға жетті. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,4 пайызға көп. 

Қазір мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 862,3 мың бала тәрбиеленеді. Қазақстан бойынша орташа есеппен, балабақшалардың бір күндік ақысы 814 теңгені құрайды. Ал ең жоғары баға Астанаға тиеселі. Ол жерде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бір күн қатысу үшін 1862 теңге төлейді. Одан кейінгі орынға 1666 теңгемен Алматы жайғасқан. Ал Шымкентте бір күн балабақшаға бару үшін 1023 теңге төлейді.

2017 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы көрсетілген қызмет 243,1 млрд теңгені құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!