Қазақстанда медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңбалау енгізілмек
© Фото: akorda.kz
Денсаулық сақтау министрлігі ҚР тіркелген медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңбалау және олардың қозғалысын қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоба медициналық мақсаттағы бұйымдардың (ММБ) айналымын бақылаудың жаңа тетігін енгізуді көздейді.
Министрліктің түсіндіруінше, ұсынылып отырған тәсіл медициналық бұйымдардың өндірушіден және жеткізушіден бастап медициналық ұйымдар мен түпкі тұтынушыға дейінгі барлық кезеңдердегі қозғалысының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – денсаулық сақтау жүйесінде қолданылатын медициналық бұйымдардың сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін растауға арналған қосымша құралдар қалыптастыру.
Құжатта мониторинг жүйесіне енгізілетін медициналық мақсаттағы бұйымдардың нақты түрлері айқындалған. Іріктеу сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (ТН ВЭД) жіктемесіне сәйкес, халықаралық тәжірибе мен Еуразиялық экономикалық одақ-тың талаптарын ескере отырып жүргізілген.
Жобаны іске асыру фармацевтикалық және медициналық нарықтың дамуына оң әсер етеді деп күтілуде.
Мониторингті енгізу:
- медициналық бұйымдар айналымының ашықтығын арттыруға;
- сапасыз, жалған немесе контрафактілік өнімдерді нарықта жедел анықтауға;
- фармацевтикалық инспекторат пен уәкілетті органдар жұмысының тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мониторинг деректері алдағы талдамалық және бақылау жұмыстары үшін құрал ретінде пайдаланылатын болады. Медициналық бұйымдардың айналымының әртүрлі кезеңдерінде анықталған ауытқулар қосымша аудиттер, тексерулер мен инспекциялар жүргізуге негіз бола алады.
Ұзақ мерзімді перспективада бұл жүйені енгізу сапасыз өнім айналымына байланысты шығындарды азайтып, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қорын басқару мен бақылау тиімділігін арттырады деп күтілуде.
Жоба 2026 жылғы 3 сәуірге дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауда.
Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті қолжетімді ететін өзгерістерді де әзірлеген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:21, 20 наурыз 2026
Астанада айып тұрағын ақылы ету шешімін депутат түсіндірді
-
11:09, 20 наурыз 2026
Мерекелік демалыс күндері Роза Рымбаеваның концертінің теленұсқасы көрерменге жол тартпақ
-
10:56, 20 наурыз 2026
Астана ауруханасында көз жұмған жасөспірімнің ісі сотта қаралып жатыр
-
10:45, 20 наурыз 2026
Қостанайлық бұрынғы әйелін атып өлтірді
-
10:38, 20 наурыз 2026
Алматы тұрғыны терроризмге қатысқаны үшін 8 жылға сотталды – ҰҚК деректері





