Қазақстанда күн қайта қатты суытады

11:09, 24 ақпан 2021

© Сурет: ktk.kz

"Қазгидромет" РМК 25-27 ақпанға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Арктикалық антициклон республикамыздың басым бөлігінде ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкеліп соғады.

Тек атлантикалық циклонның әсерінен күндіз ауа температурасы оң ,яғни плюсті көрсетінін еліміздің батыс өңірін қоспағанда. Ал республикамыздың басқа өңірлерінде ауа-райы қатал мінез танытып, кей жерлерде қар жауады, атап айтқанда, еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қалың қар жауады, 27 ақпанда Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі, деп хабарлады синоптиктер.

Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, ұйытқыған боран болады деп күтіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!