Қазақстанда коронавируспен күрескендерге арналған медаль даярланып жатыр

16:23, 19 мамыр 2020

Ашық үкіметтің электронды порталына жүктелген ҚР Президенті Жарлығының жобасында коронавирус инфекциясына қарсы күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтарын наградтау жайы қарастырылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, онда "Халық алғысы" медалімен наградтау жайы көрсетілген.

Бұл медальмен наградтауға ұсыныстарды ҚР Президентіне ҚР Парламенті Палаталары, Үкіметі, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер енгізеді.

Медальды Қазақстан Республикасының Президенті тапсырады.

Сондай-ақ медальды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттікхатшысы;

2) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ Мемлекет басшысы уәкілеттік берген өзге де лауазымды адамдар тапсыра алады.

Жарлық жобасы 2020 жылдың 1 маусымына дейін талқылауда болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!