Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3,5 мыңнан аспауы керек - Біртанов
20:22, 30 наурыз 2020
250

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус жұқтыруы мүмкін болжамды адамдар саны туралы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазіргі жағдайда болжам жасау өте қиын, өйткені инфекцияның таралуына көптеген факторлар әсер етеді. Біріншіден, бұл - карантиндік шаралар. Бастапқыда өте қиын жағдай болжанды, айталық, математикалық таралу жағынан ол 1/3 және 1/4 құрайды. Яғни әр адам 3-тен 4 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Сондықтан, теориялық тұрғыдан алғанда, халықтың көп мөлшері дертке шалдығады деп болжанған, - деді Біртанов.
Оның айтуынша, карантиндік шараларды енгізу індеттің кең қанат жаюына айтарлықтай тежеу болып отыр.
Бүгінгі күні күшейтілген шаралар болжамға да әсер етеді. Осыны ескере отырып, біз үнемі болжам жасаймыз. Жалпы, егер үш айлық кезеңге көз жүгіртсеңіз, онда Қазақстанда жұқтырғандар саны 3,5 мың адамнан аспайды деп үміттенеміз, - деді Біртанов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:56, 25 қаңтар 2021
Басы дауға қалған семейлік депутаттардың оқиғасы өз жалғасын табуда
-
09:44, 25 қаңтар 2021
Өткен тәулікте КВИ мен пневмониядан 11 адам қайтыс болды
-
09:41, 25 қаңтар 2021
Қазақстанда көмірсутектерді барлау мен өндіру құқығына электрондық аукцион өтеді
-
09:32, 25 қаңтар 2021
Ресейде "Путин ұры" деген 3,5 мыңнан астам адам ұсталды
-
09:24, 25 қаңтар 2021
Өткен тәулікте коронавируспен 1480 науқас тіркелді
Пікір