Қазақстанда Қасым-Жомарт Тоқаев деген фейк-аккаунтар көбейді

15:51, 17 сәуір 2019

Қазақстанда соңғы кездері түрлі әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кетті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы кездері әртүрлі әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кетті. Сол арқылы жалған ақпарат таратып жатқандар да бар, кейбірі оны коммерциялық мақсатта қолданып жатыр.

Осыған байланысты барша әлеуметтік медиа қолданушылар мен БАҚ өкілдеріне ескертеріміз - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми тіркелген екі аккаунт қана бар. Олар: Twitter желісінде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан - @TokayevKZ, сондай-ақ, 2019 жылдың сәуір айында Instagram желісінде ашылған @tokayev_online аккаунты.

Барша әлеуметтік желі қолданушыларды Мемлекет басшысы туралы нақты расталған ақпарат алу үшін жоғарыда көрсетілген ресми аккаунттарға ғана жүгінуге шақырамыз, деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!