Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға кімнің құқығы бар

09:53, 9 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Үкімет 2024 жылғы 4 қазандағы қаулысымен қару мен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізімін кеңейтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесіне жаңасы қосылды:

Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдері.

Сондай-ақ тізімге мыналар кіреді:

  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.
  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.
  • ҚР ҰҚК.
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.
  • Қазақстан Республикасының Экономикалық тергеу қызметі.
  • Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
  • Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы.
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі.

Қаулы 2024 жылғы 19 қазанда күшіне енеді.

2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскер қатарына шақырылады деп жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!