Қазақстанда 27 қаңтарда скандинавиялық антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды

15:19, 26 қаңтар 2025

© Сурет: pixabay

Синоптиктер 2025 жылғы 27 қаңтардағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүйсенбіде Скандинавия аймақтарынан келетін антициклон Қазақстан аумағы арқылы өтеді, мұның әсерінен елімізде күн жауын-шашынсыз болады

"Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде тұман түседі. Республиканың орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жел күшейеді", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -16-18°C, күндіз -11-13°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -7-9°C, күндіз +1+3°C.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -2-4°C, күндіз +6+8°C.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!