Қазақстанда Ғашықтар күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

17:08, 15 сәуір 2025

© Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда 15 сәуірде ғашықтар мерекесі – "Қозы Көрпеш–Баян сұлу" күні тойланады. 2011 жылдан бастап "Ұлттық ғашықтар күні" аталып өтіледі. Ондағы мақсат – көпшілікке махаббат, адалдық пен адамгершілік сияқты нағыз биік сезімдерді насихаттау, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мейрам ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, халық ауыз әдебиетіндегі ғашықтар Қозы мен Баянның махаббат хикаясына арналған.

Ғашықтар күніне орай бірқатар іс-шара жоспарланған:

  • "Астана Балет" театры — екі бөлімнен тұратын "Қозы Көрпеш–Баян сұлу" эпостық балеті;
  • Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры — "Қозы мен Баян" трагедиясы;
  • Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры — "Сезім хаттары" қойылымы;
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры — опера солистері Венера Алпысбаева мен Нұржан Бажекеновтың "Екеуге арналған гармония"атты концерті;
  • Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі — "Махаббат мәңгі ертегі" концерті;
  • Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры — "Баян Сұлу – Қозы Көрпеш" музыкалық драмасы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!