Қазақстанда есірткі саудасын қаржыландырудың айла тәсілі әшкереленді
© Фото: unsplash
Ақтөбе облысында есірткі сататын интернет-дүкеннің мүддесі үшін төлем қабылдап, ақша аударумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 2 қарашада ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) мәлімдеді.
Тергеу мәліметінше, Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде айырбастау тобын ұйымдастырып, оған жеті сыбайласын тартқан.
"Топ мүшелері міндеттерді бөлісіп, төлемдерді тәулік бойы қабылдау жүйесін жолға қойған. Олар күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс істеген. Интернет-дүкен операторлары сатып алушыларды тапсырыстарын төлеу үшін айырбастау тобына бағыттаған. Төлем расталғаннан кейін сатып алушыларға есірткі жасырылған орындардың координаттары берілген. Күн сайын айырбастау тобы арқылы 50-ден 70-ке дейін төлем операциясы жүргізілген. Ақша қабылдау үшін үшінші тұлғалардың, яғни дропперлердің атына рәсімделген 22 банк картасы пайдаланылған", – деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.
Агенттіктің мәліметінше, кейін түскен қаражат криптовалютаға айырбасталып, есірткі бизнесін басқарушылардың бақылауындағы криптоәмияндарға аударылған.
"Аударымдардың жалпы сомасы 918 мың USDT-ден асты. Бұл 400 миллион теңгеден астам қаражатқа тең. Схеманы ұйымдастырушы қамауға алынды", – деп хабарлады ведомство.
ҚМА тергеу амалдары жалғасып жатқанын атап өтті.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Еске салайық, 2026 жылғы 29 қазанда ҚМА банк қызметкерлерінің қатысуымен 188 млрд теңгеге қатысты схеманың әшкереленгенін хабарлаған болатын. Агенттік онлайн-казиноларға көрсетілген қызметтердің ауқымын жариялады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:41, 2 қараша 2026
Алматы маусым айында неке қию көрсеткіші бойынша рекордтық деңгейге жетті
-
13:25, 2 қараша 2026
Мемлекет басышысы Теміртауда қалпына келтірілген трамвай жүйесінің жұмысымен танысты
-
13:25, 2 қараша 2026
Тоқаев Теміртауда қалпына келтірілген трамвай жүйесінің жұмысымен танысты
-
13:22, 2 қараша 2026
Қытайда жасанды интеллект көмегімен түсірілген алғашқы фильмнің сатылымы сәтсіз болды
-
13:10, 2 қараша 2026
Бір мандатқа үш үміткер: мәслихат депутаттығына 10 мыңнан астам кандидат бақ сынайды





