Қазақстанда цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу енгізіледі
© Фото: unsplash
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу қағидаларының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Агенттік цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді ұстаушыларды есепке алу жүйесінде тіркеу, аталған мәмілелер туралы мәліметтерді орталық депозитарийдің бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдері жүйесінде көрсету, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алу ерекшеліктері, оларды растау шарттары мен тәртібі, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтар кепілін тіркеу тәртібі мен ерекшеліктерін айқындайтын қағидалар жобасын дайындады.
Құжатта мынадай тәртіптер мен шарттар белгіленеді:
- цифрлық активтер платформасы операторының есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу;
- мұндай мәмілелер туралы мәліметтерді орталық депозитарийдің тізілімдер жүйесінде көрсету;
- цифрлық активтер платформасы операторы мен орталық депозитарийдің цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл тәртібі;
- цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау;
- цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтар кепілін тіркеу.
Жоба 2026 жылғы 16 ақпанға дейін "Ашық НҚА" порталында көпшілік талқылауға шығарылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:17, 3 ақпан 2026
ҚР Ұлттық банкі 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына коллекциялық монета шығарады
-
10:04, 3 ақпан 2026
Қазақстанның табиғи байлықтары заңсыз шетелге шығарылған: мемлекет 2 млрд теңгеден астам шығынға ұшырады
-
09:56, 3 ақпан 2026
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық орта өкілін ұстағанын хабарлады
-
09:46, 3 ақпан 2026
Жолаушыларды тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізілді
-
09:38, 3 ақпан 2026
WhatsApp қоңырауынан кейін қазақстандық 1,8 млн теңгесінен айырылды





