Қазақстанда безгектің сырттан әкелінген жағдайлары тіркелуде

09:37, 18 наурыз 2026

© Сурет: freepik

Қазақстанда безгектің сырттан әкелінген жағдайлары әлі де тіркеліп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мәліметіне сәйкес, соңғы бес жыл ішінде елімізде безгектің 13 сырттан әкелінген жағдайы анықталған. Олардың басым бөлігі тропикалық түріне жатады. Соңғы жағдай биыл наурыз айында Алматы қаласында Африкадан оралған әйелден тіркелді.

Эпидемиологиялық тексеру нәтижелері көрсеткендей, тіркелген барлық жағдайларда науқастар безгек таралған елдерге сапар алдында алдын алу шараларын, яғни химиопрофилактиканы жүргізбеген. Бұл жұқтыру қаупі жоғары аймақтарға барар алдында дәрігердің кеңесімен арнайы безгекке қарсы дәрілерді қабылдау. Мұндай дәрілер сапарға дейін, сапар барысында және елге оралғаннан кейін белгілі бір уақыт бойы қабылданады. Бұл әдіс жұқтырған маса шаққан жағдайда да аурудың дамуын болдырмауға көмектеседі.

Ведомство халықаралық туризмнің артуы мен еңбек көші-қонының күшеюі жағдайында тропикалық паразиттік аурулардың елімізге сырттан әкеліну қаупі сақталып отырғанын ескертеді. Әсіресе паразиттік аурулар кең таралған Африка елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері, Латын Америкасының бірқатар елдері қауіпті.

Тропикалық климаты бар елдерге сапарға шықпас бұрын ескеру қажет:

  • баратын елдегі эпидемиологиялық жағдаймен алдын ала танысу;
  • қауіпсіз тамақтану және табиғи аймақтардағы (джунгли, ұлттық парктер, су айдындары) жүріс-тұрыс ережелерін білу;
  • безгек таралған елдерге барғанда дәрігердің тағайындауы бойынша химиопрофилактикадан өту қажет.

Бұған дейін трансұлттық есірткі схемасы әшкереленгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!